Павлодар Ертіс өңірінің киелі жерлер картасы

«Павлодар Ертіс өңірінің киелі жерлер картасы» сайты ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында айтылған «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалардың негізінде Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі, Павлодар облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы, Павлодар облысы әкімдігінің  тапсырысымен жасалды.

Мақсаты  - Павлодар Ертіс өңірінің тарихи ескерткіштерін және киелі жерлерді  насихаттау, рухани құндылықтарды нығайту.

Сайтта көрсетілген киелі нысандар туралы материалдар Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Маrgulan Centre ұжымының тарихнамалық зерттеулер мен Павлодар облысы бойынша археологиялық-этнографиялық экспедициялардың нәтижелері болып табылады.

Жұмыс қорытындысы бойынша Республикалық маңызы бар 5 киелі нысан, өңірлік маңызы бар 36 киелі нысан, сондай-ақ жергілікті маңызы бар 17 киелі нысан, 14 киелі нысан алғаш рет анықталып, паспортталды.

 Сайттың құрылымы:

  • Жоба туралы
  • Карта;
  • Туристік маршруттар;
  • Медиа ресурстар;
  • Бөлімдер:

- Ислам кезеңіне дейінгі ғибадатханалар мен табыну ескерткіштері;

-  Ерте исламның киелі ескерткіштері;

- Тарихи оқиғаларға байланысты киелі орындар, үңгірлер мен қасиетті тастар;

-  Қасиетті су көздері мен емдік көлдер;

- Тарих және мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлерінің жерлеу орындары.

Жобаның орындаушылары: Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Мargulan Centre ұжымы.

«Павлодар Ертіс өңірінің киелі жерлер картасы» жоба орындаушылары Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі, Павлодар облысы әкімшілігі, Павлодар облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының әкімшілігіне, ҚҚ «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Павлодарлық штабына», сондай-ақ Павлодар қаласының ЖОМ оқушылар мен мүғалімдеріне, ЖОО-ның және колледж студенттеріне жобаны іске асыруға жәрдемдескені үшін алғысын білдіреді. «Павлодар Ертіс өңірінің киелі жерлер картасы» сайты (kiely-karta-pspu.kz) Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің бағдарламалау бөлімінің ақпараттық-аналитикалық орталығының негізінде жасалған.