Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Қалмаққырған таулары Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылынан 6–7 км оңтүстік-батысқа қарай жерде орналасқан (географиялық координаталар: N50°44'24,05" E76°42'25,93"). Таулар Сарыарқаның төментаулы массивінен құралған, тасты граниттік жыныстардан қалыптасқан. Қалмаққырған тауы үңгірінде 1930 жылы Қаныш Сатпаев басшылығымен Мұқтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» театрлік қойылымы қойылған. Айта кететін бір жайт Кебек рөлін Қаныш Сатпаев өзі сомдап, үңгірге кіре беріс жерде өз есімін жазып кеткен. Сонымен қатар осы жерде басқа көптеген қоғам қайраткерлері болған.

Қалмаққырған басқа да қазақ-жоңғар соғыстарының атақты жерлері сияқты қазақ халқының тарихи жадындағы тарихи оқиғаларға толы әйгілі табиғи объект болып табылады.  Қалмаққырғанның киелілігі Орта жүз қазақтары арасында Сарыарқа үшін соғыста соңғы нүктесі қойылған жер ретінде маңызды болып табылады.

XVIII ғ. ортасына дейін бұл таулы аймақ Серектас деп аталды.  XIX ғасырда Павлодар Ертіс өңірі үшін бұл жер Қалмаққырған деп аталды.

Тарих ғылымында Қалмаққырған жерінде болған шайқастың уақыты жөнінде бірнеше болжамдар бар. Әлихан Бөкейхановтың «Материалов по киргизскому землепользованию...» атты еңбегінің төртінші томында «История заселения уезда» бөлімінде келесі мәліметтер келірілген: «Айдабол кіші ұлының немересі Олжабай батыр Абылайханға қызмет еткен, 160 жыл бұрын, яғни 1730 жылы Баянауыл тауларында мекен етті. Осы жерде ол қырғыздармен оңтүстікке ығыстырылған қалмақтарды кездестірді. Бұл шайқастарды ақындар өздерінің жыр-дастандарында шебер суреттейді және ерлікті Олжабай батыр мен оның ханы болған Абылайға береді. Павлодар уезі аумағындағы қырғыздар мен қалмақтар арасындағы шайқастардың куәсі болған тарихи жерлер болып Шідерті көлінің жоғарғы ағысындағы Шүршітқырған мен уездің оңтүстік-шығысындағы Қалмаққырған таулары саналады... «Қырған» «Қырмақ» етістігінен, яғни сойылған, қырылған деген мағынада. Осылайша Ә.Бөкейханов Қалмаққырған шайқасын 1730 жылдардың басында болды деп санайды.

Әлкей Хақанұлы Марғұланның пікірі басқаша, оның пайымдауынша Жасыбай батыр қаза болған Баянауыл тауларындағы шайқас және Олжабай батырмен Қалмаққырғандағы шайқас XVIII ғасырдың 40-шы жылдары болды. Қалмаққырған жерінде шайқастардың болғаны анық және басты кейіпкер Жасыбай батырдың өлімі үшін кек алған Олжабай батыр болған.

Қазақ тарихының білгірі Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Сарыарқа тарихы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Қазақтар Сарыарқа жеріне келіп, орналасқаны Абылай хан кезеңінен ертерек болды. Қазақтар бос жатқан жерлерді басып алған жоқ. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек батырлары кезінде қалмақтармен шайқасып, әскери өмір кешіп, найзаның ұшымен, білектің күшімен осы жерлерге қол жеткізді. Сол үшін қанша қазақ батырлары жандарын құрбан етті? Біреулер қайтыс болды, біреулер тірі қалды, бірақ қазақтар осы жерлерді аман алып қалды».

Библиография:

  1. Аллаберген Қ. Он сан Орта жүзге ұран болған Ер Олжабай // Олжабай батыр – ел қаһарманық: Олжабай Толыбай ұлының 300 жылдығына орай ғыл.-практ. конф. матер. – Павлодар, 2013. – 34–38-бб.
  2. Век казахско-джунгарского противостояния / Под. ред. Е.М. Арын, отв. ред. Ж.О. Артыкбаев; сост. Н.Е. Кузембаев. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – 274 б.
  3. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер / бас ред. А. Нухұлы. – Павлодар: Павлоар мемлекеттік педагогикалық институты, 2017. – Т. 1 – 188 б.
  4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Сарыарқа тарихы (1, 2, 3 нұсқа) // Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 8 т. – 264–290 бб.

Kalmakkurgan1

Kalmakkurgan2

Kalmakkurgan3

Kalmakkurgan4

Kalmakkurgan5

Kalmakkurgan6

Kalmakkurgan7