Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Құлан әулие үңгірі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылынан 18 км оңтүстікке қарай Қызылтау тауларында орналасқан. Географиялық координаталар: N50°23'23,33" E76°10'53,55".

Қызылтау таулары ертеден киелі аруақтардың орын тепкен жерлері болып саналады, бұған дәлел ретінде халық арасында аңыз да бар. Бұл әңгіме сонау әлемдік топан су басқан уақытпен байланысты, Құлан, Қыран және Қоңыр үш бөренені байлап, Нұх пайғамбардың кемесінің артынан малтып жүрген. Су азая бастаған кезде әулиелер Баянауыл тауларының биігіне тоқтайды. Жамбақы тауларында Қоңыр әулие жайғасады, Қыран әулие Баянтаудың биігінде тоқтайды, ал Құлан болса Қызылтау тауларын пана етеді.

Қоңыр әулие көмекке мұқтаж болған жандарға қол ұшын созған, Қыран іздеу қабілетіне ие болып, жоғалтқанды тауып, жамандықты сезіп отырған. Ал Құлан әулиеге мал жұтқа ұшырап, ауырғанда барған. Халық жадында оның құлан жануарына айналады деген аңыз да сақталған.

Библиография:

  1. Ақпарат беруші Алтынбек Кұрманов, Павлодар облысы Баянауыл ауданы.

Kulan aulie