Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Абылайтас тас стеласы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сабындыкөл көлінің шығыс жағында орналасқан (географиялық координаталар N50°46'20,31" E75°43'57,46"). Ескерткіш бетон негізінде орнатылған тас стеласы, биіктігі  2,5 м, ені 2 м, қалыңдығы 0,25 м. Ескерткішке апаратын жол плиткалармен қаланған.

Осы жермен қазақ халқының маңызды тарихи оқиғалары байланысты. Қазақ-жоңғар шайқастары кезінде XVIII ғасырдың 30-шы жылдары солтүстік-шығыс Сарыарқа территориясы жаулардан босатыла бастады, осы кезде тарихи сахнаға жас Әбілмансұр шығады, сол кезде Сабалақ атты есімі болған. Жоңғарлар әскері Ерейментау жерінде қарсы алынды, Қаратау мен Өлеңті арасында Әбілмамбет ханмен Бөгенбай қалмақтармен шайқасты. Ұрыс алағында жекпе-жек болып, жеңіске 20-жасар Сабалақ жетеді. Осыдан кейін Әбілмансұрдың нақты болмысы ашылып, бір жылдан кейін 1734 жылы Баянауылда Сабындыкөл көлінің жағасында Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлайды.

Сондықтан осындай тарихи оқиғамен байланысты болғандықтан бұл жер киелі жерлердің қатарында.

Библиогарфия:

  1. Ж. Артыкбаев. Баянауыл. Астана: «Фолиант», 2009. – 312 б.