Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Қасиетті Қызылтау тауы Баянауыл ауданының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан. Жалпы аумағы 60 000 га. Географиялық координаталар: N50°25'33,20" E76°09'18,36".

Тау жотасы биіктіктерден, күмбезді үйінділерден құралған. Аумақтың жартысын аңғарлар мен жабық шұңқырлар алып жатыр. Биік тау шыңдары мен тас үйінділер кездеседі. Жер үсті сулар кішігірім көлдермен таралған.

Қызылтау тауы Павлодар Ертіс өңірінде киелі маңызға ие. Халық жадында сақталған таудың қызық аңызы бар. Соған сүйенсек, дүниежүзілік су тасқыны болған кезде, әлем су астына кеткенде, Қызылтаудың басына Құлан әулие келеді. Ол жануарлардың қорғаушысы болып, халыққа көмектескен. Кейде өзі де құлан жануарына айналып отырған. Қазіргі күнде Құлан әулие үңгірі бар.

Қасиетті Қызылтау, оның керемет аңыздары, табиғатпен жасалған тас жануарлар, үңгір Қазақстанның әсем жерлерінің бірінде орналасып, Павлодар Ертіс өңірінің киелі ландшафын құрайды.

Библиография:

  1. Кызылтау - природный заказник. Природные достопримечательности Павлодарской области. http://www.silkadv.com/ru/node/4317.

kyzyltau-1

kyzyltau-2

kyzyltau-3