Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

peschera-konyr-aulie-2

Қызықты да қасиетті орындардың бірі Әулиетас (Қоңыр әулие) үңгірі болып табылады. Ол Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Географиялық координаталар: N50°48'31,03", E75°30'35,39". 

Үңгір таудың биік жағында орналасқан, солтүстіктен шығысқа қарай созылып жатыр. Үңгірге кіре беріс таудың батыс жағынан, өлшемдері 1,8-2,5 м. Үңгір үш бөлмеден құралған ұзын дәлізден құралған. Ұзындығы 30 м, биіктігі 7 м. Соңғы бөлмесінде су жиналатын қазандық орналасқан. Қоңыр әулие үңгіріне көтерілетін баспалдақтың жалпы ұзындығы 110 метрді құрайды. XVIII ғасырдың ортасынан баянауылдың үңгірі туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілер жазып кеткен. ХХ ғасырдың басында А.Н. Сидельников, Т.П. Белоногов пен П.Н. Столпянский жазбаларында: «В 20-ти верстах от пикета в сторону от дороги находиться медные рудники павлодарского купа Дерова и др., а в десяти верстах от него киргизская святыня Аулие-Тас (святой камень). Аулие-Тас представляет из себя длинную саженов десять пещеру, у западной стены которой лежит большой с углублением в середине камень. В нем постоянно скапливается со стен и потолка пещеры холодная, прозрачная вода, отличающаяся, по мнению киргиз, очень целебными свойствами. Посещающие пещеру киргизы пьют эту воду, обмывают ее больные части своего тела и употребляют для установленных у магометан омовений. В пещере по преданию киргиз жил когда-то святой человек. Народ съезжаются к Аулие-Тас временами очень много, особенно много бывает женщин, так как святая вода пещеры уничтожает, по мнению киргиз бесплодие женщин. Окрестности Аулие-Таса сложены из палеозойских песчаников и кварцитов. Среди них есть выходы порфиритов» кездеседі.

Сонымен қатар үңгір туралы ақпаратты Н. Коншиннің «От Павлодара до Каркалинска» еңбегінде де кездестіруге болады: «Пещера находится выше чем на середине горы и кажется издали какой-то черной дырой. Вход в пещеру значительно выше роста человека, имеет треугольную форму. Пещера носит ясные следы частого посещения ее казахами. К ней ездят молиться больные и просто бедные казахи, а главным образом бездетные женщины. Молиться в таких местах особенно полезно».

 «Қоңыр әулие» үңгірі жердің, жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысы Нұх Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты-мыс, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отырып, ол пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттейді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл Қызыл Тау маңында болған. Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылады. Су қайта бастап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірге жақындағаннан кейін, ол осы жерде қоныстанады. Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жазу қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен әйелдер қонған және осы армандары шынымен де орындалған. Бүгін қасиетті үңгір қалың жұртқа сая болып, киелі орынға айналып отыр.

Библиография.

  1. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Павлодарской области / Е.М. Арын, Г.М. Камалова, В.К. Мерц, В.В. Варфоломеев. – Алматы: Аруна, 2010. – 600 с.
  2. П. Рычков. Топография Оренбургская. – Ч. 1. – Санкт-Петербург. – 1762.
  3. В.П. Семенов. Россия полное географическое описание нашего Отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей. Санкт-Петербург. - 1903 г. – с.389
  4. Н. Коншин. От Павлодара до Каркалинска // Труды по казахской этнографии. 2-е изд. 7 том. Астана, изд-во «Алтын кітап». – 2007 - С. 31
  5. Д.П. Приймак. Баянаул Заповедный. Алма-Ата: Казахстан, 1982. – с. 96
  6. И.В. Стасевич. Практика поклонения сакральным объектам и предметам традиционной и современной культуре казахов и киргизов. Электронная библиотека Музея антропологии и этнографии им. Петра Великого (Кунсткамера) РАН, с. 270-301.

http://www.kunstkamera.ru/lib/rubrikator/03/03_03/978-5-88431-206-7/ © МАЭ РАН

peschera-konyr-aulie-1

 

 

peschera-konyr-aulie-3

 

peschera-konyr-aulie-4

 

peschera-konyr-aulie-5