Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

skala-kempirtas-1

Кемпіртас тасы жыл сайын туристердің жиі баратын жері болып табылады. Ол Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан (географиялық координаталар: N50°51'50,25" E75°34'00,31").

Кемпіртас тасының киелілігі мен ерекшелігі табиғаттың оны жасағаны, яғни жел, күн және су көмегімен әйел адам образын жасағаны.

Халық арасында Кемпіртаспен байланысты көптеген аңыздар сақталған, солардың бірі: «Ертеде жергілікті тұрғындар мұнда ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болып, оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетеді. Алайда мал жоғала береді. Түнде күзет қойылса да, бәрі ұры келгенше ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан ұйқыны жеңген (ұйықтамау үшін әдейі қолын кескен) біреуі табылады. Түн ортасында жер айырылып, содан түрі қорқынышты үлкен кемпір шығады да жылқылардың ең семізін таңдап, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас жігіт көргенін ақсақалдарға айтып, көбірек қару жинап, халқын сиқыршыдан құтқаруға бел байлайды. Жігіт мыстанмен түні бойы алысып, әбден шаршайды, кемпір де әлсірейді, өйткені таң білінісімен күші қайтатын. Кемпір жердің астына түсіп үлгермейді де, күн шапағы жердің жігін жауып, мыстанның басын тасқа айналдырады».

Үлкендердің айтуынша, жер бетінде жаманшылық көбейсе, ол тірілетін көрінеді, сондықтан тасқа тек ақ ниетпен келу керек.

Библиография:

  1. Приймак Д.П. Баянауыл заповедный. – Алма-Ата: Казахстан, 1982 г. – 96 с.
  2. Местные предания.
  3. Информатор Дюекеев Жумагельды Хасенович, село Торайгыр Баянаульского района Павлодарской области.

 

skala-kempirtas-2

 

skala-kempirtas-3