Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

 soretas-kazybek-biya-2

Қазыбек Келдібекұлы – арғынның қаракесек руынан, сөз шебері, қоғам қайраткері, елші. Даусының жіңішкелігіне байланысты «қаз дауысты» болып кеткен, Толе би мен Әйтеке билермен бірге қазақ халықының ұлы билерінің бірі, қазақ дәстүрінің жүйеленген заңдар жинағы «Жеті жарғы» авторларының бірі болған.

Қазыбек би Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары кезіндемемлекеттік басқару ісіне белсене ат салысып отырған. 1741 жылы арғындар атынан Ресей қол астына өтуіне ниет білдірген, 1742 жылы Абылай сұлтанды тұтқынға алған жоңғарлармен келіссөздер жүргізіп, Ресей билігінің көмегімен Абылайды тұтқыннан босатады, сонымен қатар жоңғарлар басып алған 33 қаланы да қайтарып алады. 

ХVIII ғасырдың 40-шы жылдары Сырдария жағасынан Қарқаралы жеріне көшіп барады, егде жасқа келген кезде қайтыс болып, қыс уақыты кезінде Түркістанға жету қиын болғандықтан қазіргі Баянауыл ауданы мұрынтал ауылынан алыс емес жерде денесін сөретасқа қояды. Көктем шығысымен Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында жерленеді.

Қазыбек бидің сөретасы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұрынтал ауылы маңында (географиялық координаталар N50°19'37,08" E75°03'51,94") жерде орналасқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша кезінде бұл жерде үш тас олған, бүгінгі күні екі тас тігінен жерге қадалып тұр, оларды қоршауға алып, орталық бөлігінде тас стеласы орнатылған және келесі мәтін жазылған: «XVII XVIII ғғ. Қазақ аса ірі мемлекет қайраткері Қаз дауысты Қазыбек би осы жерде 1764 жылы қайтыс болды. Мүрдесі Қожа Ахмет Ясаүй мавзолейінде жерленген. Ұрпақтарынан». Жандарында Қазыбек бидің нақыл сөздері жазылған тақтайшалар орнатылған.

Қазыбек бидің бай тарихи, діни мұрасы, оның нақыл сөздері қазақтар арасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған, сондықтан оның сөретасы ұрпақтары үшін қасиетті болып саналады.

Библиография:

  1. Казахстан. Ұлттық энциклопедия. Т.3. / Бас. ред. Б. Аяган. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004 — 560 б. — б. 89 — 90.
  2. Ақпарат беруші Мұхамет-Қайыр Шәріпов, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылы.

 

soretas-kazybek-biya-1