Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Ақбидайық петроглифтері Павлодар облысы Екібастұз әкімшілік территориясына қарасты Ақбидайық жартасында орналасқан. Суреттер шығыс жақтағы тас блоктарының бірінде сақталған.

Ең ежелгі петроглифтер антропоморфты бейнелермен көрсетілген, олардың қасында мифологиялық жануарлар. Бастары төмен қаратылған бұқалар суреті энеолит кезеңімен, ал жүгіріп бара жатқан бұқалар тобы дамыған қола дәуіріне жатады.  Тау текенің бейнесі, мүйізі жоқ архарлар ерте темір дәуірінің скиф-сақ кезеңін сипаттайды. 2018 жылы ежелгі киелі жер болып табылатын Ақбидайық петроглифтерін қоршауға алған болатын.

Ескерткіш тас дәуірінен ерте темір дәуіріне дейінгі Сарыарқа аңшылары мен малшыларының рухани мәдениеті мен өнерін сипаттайтын адамдар мен жануарлар бейнесі көрсетілген ежелгі киелі орын болып табылады.

Библиография:

  1. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Павлодарская область. — Алматы: Аруна, 2010 — 600 б.
  2. Мерц В.К. Наскальные рисунки Павлодарского Прииртышья // Олкетану - Краеведение. 2002. № 1. б. 29 -44.