Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Кемпіртас жерлеуі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4,4 км жерде орналасқан. Ол тас қоршаулардың үш тобынан құралған (жалпы саны 40), бір бағытта орналасып, қола дәуірі отбасылық некропольдерден тұрады.

Зерттелген құрылыстар тас сандықтастарда жерленген, шеңбер тәрізді граниттік қоршауларда орналасқан. Заттық деректер бойынша керамикалық қыш ыдыстар, қола моншақтар және түрлі әшекей бұйымдар анықталды.

Барлық жерленген адамдар андронов мәдениетіне тән бастары батысқа қаратылған, олардың көзөарастары бойынша өлілер патшалығы сол жақта болған. Денелері бүгілген қалыпта жерленген, яғни ана жатырында қандай қалыпта адам дүниеге келеді, о дүниеге аттанған кезде сол күйінде болу қажет деген пікірді ұстанған. Бүгінгі күні археологтармен бірнеше жерлеулер зерттелді.

         Бұл құрылыстар ертедегі далалық архитектураны сипаттайды және Сарыарқа ежелгі малшылары мен металлургтарының культтік-әлемдік көзқарасын көрсетеді.