Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

torajgyr-7

Торайғыр сақ қорғандары ерте темір дәуірінде салынып, тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Бұл мәдениетті ерте көшпелі-малшыларға тиесілі Тасмола жартасынан табылған археологиялық ескерткіштердің материалдары негізінде М.К. Кадырбаев ашқан болатын. Осы мәдениеттің ерекшелігі «мұртты қорғандар» деп аталатын тас-жер үйіндісі бар қорған типтес жерлеу құрылыстары. Тасмола мәдениетінің тайпалары көшпелі малшылықпен айналысып, сүйек, металл өңдеудің қыр-сырын білген, осы мәдениеттің қолданбалы өнеріне «аңдық стиль» тән.

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылы маңындағы Торайғыр көлінен шығысқа қарай 500 м жерде ерте темір дәуіріне жататын тас-жер қорғандарынан құралған Торайғыр культтік-жерлеу кешені мен кейінгі қола дәуірінің тас сандықтары бар қорған  орналасқан.  Кешенде культтік құрылыстар болып саналатын мұртты қорғандар мен 4 тас стелалар, оның үшеуі қойтастар және бұғылардың күнге қарай жүгіріп бара жатқан және жыртқыш аң суреті салынған бұғы тас жатады.

Ескерткіш Қазақстан ерте көшпенділердің тарихы бойынша деректердің бірі болып табылады. Археологиялық кешеннің киелілігі ертеде тек жерлеу орны ғана емес, сонымен қатар культтік функцияларды да атарғаны. Сондай- ақ кешен сол кезеңнің астрономиялық мақсаттарында пайдаланғаны туралы болжамдар бар.

 Библиография:

  1. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Павлодарская область. — Алматы: Аруна, 2010 — 600 б.

torajgyr-1

torajgyr-2

torajgyr-3

torajgyr-4

torajgyr-5

torajgyr-6