Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

aimanbulak-2

Айманбұлақ тас суреттері Торайғыр көлінен Алпыс өткеліне апаратын жолдан оңға қарай Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында орналасқан.

Алғаш рет 2002 жылы Т.Н. Смагуловпен зерттелген болатын. Суреттер тас шатқалының кішігірім тас төбесінің астында орналасқан. Тас суреттер күңгірт қызыл охрамен салынған. Олар негізінен қабырға мен төбеде топтастырылған, адамдар тізбесінен құралған, біреуінің қолында балтаға ұқсас бір нәрсе көрсетілген. 

Ескерткіштің киелілігі осы өңірдің өз ерекшеліктеріне сай тарихты шебер суреттегені, сонымен қатар Айманбұлақ тас суреттері ежелгі адамдардың айналадағы орта мен дүниетанымдық көзқарастарын сипатайтын нәтижесі болып табылады.

Библиография:

  1. «Археологические исследования в Баянауле» Т. Смагуловтың есебі, 2007 ж.

aimanbulak-1