Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

grot-shokina

2007 жылы Баянауыл экспедициясымен зерттелді. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Кемпіртас тауы маңында орналасқан, Шөкиндердің рулық зиратынан алыс емес жерде. Жартас жанынан анық байқалмайды, себебі кіру жағы ағаштармен өсіп кеткен.

Суреттер жартас астында анықталды. Күңгірт-қызыл охрамен салынған жартылай өшірілген адамдар суреті. Ескерткіш неолит кезеңіндегі Баянаула ежелгі аңшылары мен терімшілері қалдырып кеткен, рухани мәдениет пен сурет өнерінің дәлелі болатын - тас суреттері бар киелі жер.

Библиография:

  1. 2007 жылғы Баянауыл экспедициясының есебі. Авторлар: Смагулов Т.Н., Пересветов Г.Ю., Мамиров Т.